Placeholder
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Kazinform

Алматыда әскери қызметші тапаншадан жарақат алды

Алматының №5571 әскери бөлімінде әскери қызметші қарудан жарақат алды. Аталған жағдайға байланысты ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі түсініктеме берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға полигонда оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін болған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

- Қаруды тапсыру кезінде Макаров тапаншасынан әскери қызметші сұқ саусағына жеңіл жарақаты алды. Медициналық көмек сол жерде көрсетілді. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр және қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан.

 

Алматы әскери қызметші Тапанша

Тақырыпқа жаңалықтар