Placeholder
Фото: Видеодан алынған кадр
beyne ékran
Қазақстан жаңалықтары4 қыркүйек 2024, 9:45

Алматыда есірткі зертханасын ашқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Алматының Алатау ауданында ерлі-зайыптылар өз пәтерінде есірткі зертханасын ұйымдастырумен айналысқан. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптылардың синтетикалық есірткі затын өндіріп, бөлшек сауда үшін қаптамаға салғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы іс-шара Алматы қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерінің көмегімен «Қарасора» іс-шарасы аясында жүргізілді. Күдіктілер үйдің жанында ұсталды. Олар кристалданған затты, ақ түсті шөгінділері бар шыны науаны және ақшаны тапты. Ал ұсталғандардың үйін тінту кезінде зертханалық жабдықтар, прекурсорларды сақтауға арналған шыны ыдыстар, магниттік араластырғыш, электр сорғылар, шыны колбалар, ноутбуктер, 265 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша, ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл зат және басқа да құралдар табылды және тәркіленді», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» есірткі заты екені анықталды. Екі күдікті де Алматы қалалық ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Алматы ерлі-зайыптылар есіркі Зертхана

Тақырыпқа жаңалықтар