Қазақстан жаңалықтары9 маусым 2024, 10:00

Алматыда ішек инфекциясы артып барады

Алматыда жыл басынан бері жедел ішек инфекциясының 108 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 73 баладан анықталды. Алматы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда15,4 пайызға артқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жедел ішек инфекциясымен ауырғандардың арасында екі жасқа дейінгі балалар жиі ауырады, олардың үлесі 69,5 пайыз. Негізгі себептер - балалардың күтімі кезінде аналардың жеке гигиенаны сақтамауы, дайындау технологиясы мен сақтау қағидаларын бұза отырып, үйде дайындалған өнімдерді, сондай-ақ жуылмаған көкөністер мен жемістерді пайдалану», - деді ол.

Сондай-ақ, ол 85 адам тамақ арқылы, тағы 23 адам тұрмыстық жағдай арқылы жұқтырғанын атап өтті.

Эпидемиолог жіті ішек инфекциясының белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайтынын, уақтылы медициналық көмекке жүгіну керектігін еске салады.

Алматы ішек инфекциясы

Тақырыпқа жаңалықтар