Қазақстан жаңалықтары30 мамыр 2024, 11:00

Алматыда мопед жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысып мерт болды

Алматыда КамАЗ мопед айдаған 22 жастағы жігітті қағып кетті. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Жол апаты Б. Момышұлы көшесінде болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қалалық полиция департаменті адам өліміне әкелген жол-көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

«22 жастағы мопед жүргізушісі «Ивеко» маркалы жүк көлігімен соқтығысу салдарынан қаза тапты. Сараптама тағайындалды», — деп атап өтті Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы Мопед Апат

Тақырыпқа жаңалықтар