Қазақстан жаңалықтары6 қараша 2023, 14:51

Алматыда оқушысының зорлануы — сараптама жарияланды

Алматы жекеменшік мектебінде жеті жасар баланы зорлау фактісіне қатысты сот-медициналық комиссия сараптамасының қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы ПД ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігімен қарастырылған қылмыс бабымен қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Сот-комиссиялық сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша баланың денесінде сыртқы және ішкі жарақаттар табылмады. Қазір қосымша сараптама тағайындалды. Сондай-ақ геномдық ДНҚ сараптамасы жүргізілді, ол бөгде биоматериалдың жоқ екендігін анықтады», - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Бақылау камераларына түскен бейнежазбалар сараптамадан өткізілді. Алайда ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу туралы мәліметтер жария етілмейді.

Қазан айының басында Алматы тұрғыны 1-сыныптағы баласының зорланғаны туралы мәлімдеме жасаған. 

Кейін Алматы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков аталған дерек Бостандық ауданы полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелгенін және бірқатар сараптама тағайындалғанын айтқан еді. 

Қазан айының соңында 7 жастағы оқушының анасы тағы бір мәлімдеме жасап, еліміздің Ішкі істер министрі мен Бас прокурорына жүгінді.

Алматы жеке мектеп Зорлық сараптама

Тақырыпқа жаңалықтар