Placeholder
Фото: Алматы әкімдігі
Almatı qalasınıñ äkimi
Қазақстан жаңалықтары15 қыркүйек 2024, 10:00

Алматыда Қала күні қарсаңында 130 тонна қоқыс жиналды

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында және Қала күні қарсаңында жаппай тазалық жұмыстары өтті. Іс-шараға еріктілер мен қаланың коммуналдық қызметтері қатысып, 103 бірлік техника мен 1400-ден астам адам жұмылдырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бүгін әсем қала - Алматы күні қарсаңында белсенді жастар, қаланың жаппай тазалық жұмыстарына қатыстық. Қаламыздың тазалығы мен сұлулығын сақтау – менің азаматтық борышым. Сенбіліктің арқасында жаңа достар таптым, командада жұмыс істедім және қаламыздың тазалығына кішкентай болса да үлес қостым», — деді ерікті Дарын Ершатов, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қатысушылар демалыс аймақтарын, өзен жағалаулары мен бос жатқан жерлерді тазалады. Оның ішінде Бент тоғандары, Үлкен Алматы өзені, Қарғалы өзені және басқа да аумақтар бар. Сондай-ақ, Бұқар жырау бульвары, Ангарская көшесі, Мұзтау шағын ауданы және басқа да қоғамдық орындар тазартылды. Сенбілікте қатысушылар шамамен 652 м³ (130,4 тонна) қоқыс жинап, шығарды.

 

Алматы Қала күні 130 тонна қоқыс

Тақырыпқа жаңалықтар