Қазақстан жаңалықтары15 шілде 2024, 15:00

Алматыда қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Алматыда қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Бұл туралы ақпарат Telegram-дағы арналардың бірінде пайда болды. Онда қоқыс зауытында қоқысты сұрыптау кезінде жаңа туған шақалақтың денесі табылғаны жазылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полиция аталған деректі растады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Қылмыстық іс қозғалды. Қазір баланың анасының кім екені және басқа да мән-жайлар анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Алматы қоқыс шақалақ нәресте

Тақырыпқа жаңалықтар