Қазақстан жаңалықтары7 қазан 2023, 23:37

Алматыдан Тель-Авивке ұшуға тиіс болған КС649 рейсі тоқтатылды

Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан Тель-Авивке ұшуға тиіс болған КС649 рейсін тоқтатты, - деп хабарлайды Arbat.media.

"Air Astana әуекомпаниясы Израильдегі әскери эскалация салдарынан Алматыдан Тель-Авивке ұшуға жоспарланған КС649 рейсін орындау мүмкін емес екенін өкінішпен хабарлайды.

Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуекомпанияның өзгермейтін басты басымдығы.

Air Astana Тель-Авивте орналасқан әуекомпания қызметкерлерін қоса алғанда, қазақстандықтардың елге аман-есен оралуын ұйымдастыру үшін қажетті шаралар мен күш-жігер жұмсауда" делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін бұл компанияның Тель-Авив рейстеріне билет сатуды уақытша тоқтатқанын жазған едік. 

Алматы тель-авив Авиарейс тоқтату

Тақырыпқа жаңалықтар