Placeholder Алматылық танымал блогер қайтыс болды
Фото: instagram
instagram
Қазақстан жаңалықтары3 қазан 2024, 12:34

Алматылық танымал блогер қайтыс болды

Алматыда танымал аспаз әрі блогер Бага Демалыс қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде оның жақындары мен достары жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кеше біз жақын досымыз Бага Демалыстан айырылып қалдық. Бага қаламыздың әрбір тұрғыны үшін туысындай болды, оның жымиған күлкісі мен мейірімді жүрегі біздің есімізде мәңгі сақталады, - деп жазды режиссер Қанат Бейсекеев Instagram-дағы парақшасында.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі белгілі блогердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

Бұл факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы 105-бап (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Демалыс қайтыс болды өлім блогер

Тақырыпқа жаңалықтар