Placeholder
Фото: Алтыналмас АК
Altınalmas AK
Қазақстан жаңалықтары24 қыркүйек 2024, 12:00

«Алтыналмас» Ақбақайда жұмысшы көз жұмғанын растады

«Алтыналмас» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы 18 қыркүйекте Ақбақайда болған жазатайым оқиға жөнінде мәлімдеме жасады. Сол күні топырақ опырылып, кен орнының күтім жасау және жөндеу слесарі Нұрдәулет Жексенұлы Нұрмаханов көз жұмған болатын. «Алтыналмас АК» АҚ марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Нұрдәулет Жексенұлы 2012 жылдың 1 қаңтарынан бері «Алтыналмас АК» АҚ Ақбақай тау-кен байыту кешенінің жылжымалы және стационарлық жабдықтарына күтім жасау және жөндеу учаскесінде сорғы қондырғыларының машинисі болып жұмыс істеп келген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

2017 жылы жабдыққа техникалық күтім жасау және жөндеу слесарі болып тағайындалады.

«Ұжымда беделді, жұмыста бірбеткей мінезді еді, жауапкершілік пен кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Жұмыс барысында өзін жоғары білікті маман ретінде танытты. Нұрдәулет Жексенұлы әріптестерінің, достарының және бүкіл ұжымның жүрегінде мәңгі сақталады» дейді компаниядан.

Сонымен қатар, Алтыналмас осы оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды.

Сондай-ақ қаза тапқан қызметкердің отбасына материалдық көмек көрсетеді және тиісті төлемдер бойынша өзінің бүкіл міндеттемелерін орындайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысындағы кеніште тау жынысы құлап, топырақ астында жұмысшы қалып қойды.

Кейіннен осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

лтыналмас Жұмысшы өлім Ақбақай

Тақырыпқа жаңалықтар