Placeholder
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары21 тамыз 2024, 10:34

Антикор: Қарағанды – Балқаш автожолы төсемінен шикілік шықты

Антикордың араласуынан кейін «Қарағанды-Балқаш» автожолын қайта жаңарту кезінде анықталған ақаулар жойылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жолдарды салу және жөндеу саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр. Жол құрылысы сапасына тұрақты ашық бақылауды қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық өңірлерінде мониторингтік жұмыс топтары құрылды. Оның құрамына уәкілетті органның, «Қазавтожол» филиалдарының, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілдері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы еріктілер кірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қарағанды облысында «РФ шекарасы (Екатеринбург) — Алматы» республикалық маңызы бар трассасын, «Қарағанды — Балқаш» және «Балқаш — Бурылбайтал» учаскелерін қоса алғанда, Жамбыл облысымен шекараға дейінгі сегіз автомобиль жолының құрылыс барысы талданды.Мәлім болғандай, мамандар Шет ауданының маңындағы «Қарағанды — Балқаш» автожолының учаскесіне мониторинг жүргізу барысында жолды қайта жаңарту кезінде ақаулар анықталған.

Жабын ақауларының негізгі себебі — жабынның төменгі қабаты бойымен ауыр жүк көлігінің қозғалысынан түсетін жүктеме, өйткені қозғалыс жол қаптамаларының нақты аяқталмаған дизайны бойынша жүзеге асырылады. Жол пайдалануға берілмеген, жұмыстар жалғасып жатыр. Кемшіліктерді жоюды түрік қосалқы мердігерлері өз мойнына алды.

Ақаулар жойылды және сынақ нәтижелері стандарттарға (ҚР СТ 1225-2019) сәйкес келеді.Жабынның жоғарғы қабатын 2024 жылғы 30 тамызға дейін аяқтау және жолды 30 қарашаға дейін абаттандыруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жұмыс тобы жұртшылықпен бірлесіп, бизнес субъектілерінің қызметіне араласпай, ай сайын басқа объектілерге ұқсас сапарлар жүргізетін болады.

Антикор Қарағанды – Балқаш шикілік автожол

Тақырыпқа жаңалықтар