Қазақстан жаңалықтары24 қазан 2023, 22:56

Ақтауда ер адамның үстіне лифт құлап ажал құшты

Ақтауда 34 жастағы ер адамның үстіне лифті түсіп кетіп мерт боолды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға Ақтаудағы супермаркеттердің бірінде болған. Сауда нысанында әр-түрлі зат сатылып, нан өнімдері де пісіріледі екен. Екі ер адам пісірілген нандарды лифт арқылы тасымалдап жүрген. Осы кезде жедел сатының сымы жұлынып кетіп, 34 жастағы ер адамды жаншып тастады. Ал екіншісі соққының әсерінен ұшып кеткен.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі:

24 қазан сағат 01:10 шамасында Ақтаудағы 3 шағын ауданда орналасқан ғимараттардың бірінде 34 жастағы ер адам үстіне лифт құлады.

Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 3-бабының 156-тармағы бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалып, тергеу басталған.

Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Тақырыпқа жаңалықтар