Қазақстан жаңалықтары3 ақпан 2024, 0:07

Ақтөбе облысында қыз бала жоғалып кетті

Ақтөбе облысы полиция департаменті кәмелетке толмаған Ракип Еңлік Дәулетиярқызын іздеп жатыр. 1 ақпанда үйінен шығып кеткен ол әлі оралмаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ол 2007 жылғы, бойы шамамен 160-165 см, дене бітімі - арық, шашы - ұзын қара, көздері - үлкен, ерні - қалың, қасы - доға тәріздес.Киімі: қоңыр түсті қысқа куртка, ақ-сұр жолақты шалбар, ақ етік. Ерекше белгілері жоқ», делінген хабарламада.

Осы орайда аталған полиция департаменті инстаграм парақшасында ол туралы қандай да бір білетіндер болса, 102 немесе 8 776-546-66-66 нөміріне хабарлауды сұрады.

Ракип Еңлік Дәулетиярқызы қыз жоғалды Іздеу Ақтөбе облысы

Тақырыпқа жаңалықтар