Placeholder
ФОТО: КТК
КТК

Әскерден жарымжан болып оралған Ербаян Түркияға емделуге аттанды

Әскерден жарымжан болып оралған сарбаз Ербаян Мұхтар бүгін Түркияға ем алуға аттанды. Ыстамбұлға бет алған санавиация ұшағы Астанадан таңғы сағат сегізде ұшты. Жоспар бойынша мемлекет тарапынан бөлінген борт бірнеше жерде үзіліс жасап, Түркия еліне жетуі керек, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған дейін Ербаянды Германияның ең үздік клиникасы ем-дом жасап қарайласуға келісім берген еді, бірақ кетеріне бірнеше күн қалғанда неміс дәрігерлері науқастың қанының талдауына қарап, емдеуден бас тартады, деп жазады КТК телеарнасы.

Елді дүр сілкіндіріп, әскердегі біраз сұмдықты әшкере еткен жауынгерге күллі қазақ елі аман-саулық тілеп, ақ батасын беріп жатыр.

Тағдыр тәлкегіне түскен жас сарбаздың денсаулығына бейжай қарамаған жұрт Ербаянның отбасына 230 миллион теңге жылу жинап берген.

Бас сүйегі бес жерден зақымданып, бес түрлі диагноз қойылған Ербаянды емдеу қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.

Түркияға кетті Ербаян Мұхтар Сарбаз мүгедек

Тақырыпқа жаңалықтар