Қазақстан жаңалықтары2 қаңтар 2024, 21:11

«Астана – Петропавл» тас жолында бірнеше көлік соқтығысты

«Астана – Петропавл» тас жолында бірнеше көліктің соқтығысуынан көлік кептілісі болды, деп хабарлайды Kazinform. 

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 2 қаңтарда «Астана – Петропавл» тас жолының бойында Жасыл ауылы маңында болған.

«Алдына ала анықталған мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 10-ға жуық көліктің соқтығысуынан болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, көліктерге механикалық зақым келді», – деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жүргізушілерге ауа райы жайсыз болған күндері арнайы ескертулерге құлақ асуға, жолға шыққанда абай болуға, сондай-ақ белгілі жылдамдық режимін және ара қашықтықты сақтау қажеттігін еске салады.

 

Астана – Петропавл Жол апаты Кептеліс

Тақырыпқа жаңалықтар