Placeholder Астана: «Хайвил» тұрғын үй кешенінің жанынан бойжеткеннің денесі табылды
ФОТО: КТК
КТК

Астана: «Хайвил» тұрғын үй кешенінің жанынан бойжеткеннің денесі табылды

Астанадағы элиталы Хайвил тұрғын-үй кешенінің жанында бойжеткеннің мәйіті табылды. Полиция болжамынша, ол 24-ші қабаттан құлаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқыс оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды,

деп жазады КТК телеарнасы. Қаза болған қыздың жасы 22-де, Астана тұрғыны екені ғана мәлім. Тұрғындардың айтуынша, марқұмды бұрын-соңды бұл тұрғын үй кешенінен байқамаған.

Эльмира Шәуленова, Астана ПД баспасөз қызметінің бастығы:

— 18 қазанда Алматы ауданының полиция басқармасына үйдің кіреберісінің жанынан қыздың мәйітінің табылғаны туралы хабар келіп түсті. Полиция оқиға орнына келгеннен кейін 22 жастағы қайтыс болған адамның жеке басын анықтады. Болжам бойынша, қыз тұрғын-үйдің 24-ші қабатынан секірген.

Астана қыз суицид Хайвил

Тақырыпқа жаңалықтар