Placeholder Fасе ID енгізе сала, пациет саны бірден 20 пайызға кеміген
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos

Fасе ID енгізе сала, пациет саны бірден 20 пайызға кеміген

Емханаларда жалған құжат толтырылмас үшін Fасе ID енгізгені сол-ақ еді, пациет саны бірден 20 пайызға кеміген. Пилот жобаны енгізген денсаулық сақтау министрлігі жүйедегі жалған есеп беруді тежейміз деген мақсатымыз біртіндеп орындалып жатыр деп сүйіншіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жобада науқастар кіреберістегі Fасе ID, яғни веб-камераға қарап, жеке басының сәйкестігін анықтайды, деп жазады КТК телеарнасы.

Қазірдің өзінде жаңашылдық елорданың 37 медициналық нысанына орнатылған.

Ем-дом қабылдаймын деп барған 50 мың науқастың 85 пайызы Face ID тетігін пайдананып емханаға кірген.

Ведомство өкілдері жаңа жылдан бастап еліміздің барлық емханасына жүйені біртіндеп енгіземіз деп отыр.

Шолпан Жұмабаева Астана қаласы, №4 емханасының ақпарат-талдау бөлім басшысы:

— 1 қазаннан бастап емханаға Face ID құрылғысы орнатылды. Бұл функция бір күнде қанша пациент келгенін есептейді. Қай қызмет түріне жүгінгені де электронды базамызда бірден жарқ етіп көрінеді. Енді дәрігерлердің қандай да бір жасырын құжат әзірлеуі мүмкін емес.

Fасе ID Қазақстан Емхана Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар