Қазақстан жаңалықтары19 қазан 2023, 9:36

Астанада конкурдан ел чемпионаты өтеді

Астанада Республика күнін тойлау аясында конкурдан ел чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлайды.

Жарыс 21-22 қазан аралығында “Арғымақ” ат-спорттық сауықтыру кешенінде өткізіледі. 

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған үздік спортшылар екі күн бойы түрлі биіктіктегі 8 бағытта шеберлігін көрсетеді.

Жеке бағыттарда Қырғызстан спортшылары да бақ сынайды.

Жарыстың жүлде қоры – 26 миллион теңге.

Басталуы–10.00-де, кіру тегін.

Астана ат спорты Чемпионат конкур

Тақырыпқа жаңалықтар