Қазақстан жаңалықтары19 ақпан 2024, 4:43

Астанада монша өртенді

Кешкі сағат 17-37-де астаналық өрт сөндірушілер Сусамыр көшесіндегі моншадан шыққан өртті сөндіруге барды. Нысандағы жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау сағат 18:05–те оқшауланып, 20:44–те толық жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 15 қызметкері және 3 техникасы жұмылдырылды», — деп жазды ТЖД-дан.

Астана монша Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар