Қазақстан жаңалықтары26 шілде 2024, 13:34

Астанада пышақ ұстап, лифтіде тұрғындарды қорқытқан

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қолына пышақ ұстаған ер адам лифтке кіріп, ғимарат тұрғындарын қорқытқан. Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеоға зер салсақ, ішімдікке масайған ер адамның қолына пышақ ұстап, лифтке кіріп жатқанын байқауға болады. Баласымен бірге лифтке кірмек болған әйел пышақ ұстаған ер адамды көріп, ойынан айнып, кірмеген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Астана қаласының Полиция департаменті ер адамның жеке басы анықталғанын хабарлады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Egemen Qazaqstan (@egemenkz)

«Астана қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Құқық бұзушыға қатысты бұзақылық әрекеттері үшін әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді», деп хабарлады Астана ПД баспасөз қызметі.

Тақырыпқа жаңалықтар