Placeholder
Фото: pixabay.com
pixabay.com
Қазақстан жаңалықтары24 тамыз 2024, 11:07

Астанада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтінім қабылдау басталды

Астанада «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.  Астана қаласының Тұрғын үй орталығы «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Өтінімдерді қабылдау birge.astana.kz. порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.

Өтінімдер 2024 жылдың 28 тамызы сағат 09:00-ден 2024 жылдың 3 қыркүйегі сағат 23:59-ға дейін қабылданады.

Айта кетейік, бұл бағдарламаға «Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар» санаты бойынша Астана қаласында тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар ғана қатыса алады.

Астана сатып алу құқығы жалға берілетін тұрғын үй өтінім қабылдау

Тақырыпқа жаңалықтар