Placeholder
Фото: ҚР ТЖМ
QR TJM
Қазақстан жаңалықтары30 қыркүйек 2024, 10:00

Астанадағы дәмханда болған жарылыстың видеосы жарияланды

28 қыркүйек күні Астанада Ақыртас көшесіндегі кафелердің бірінде газ баллоны жарылды. ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері осы оқиғаның куәгері болды. Полицейлер Диас Әбітбек, Нұржан Искаков және Бақытжан Рахат дереу зардап шеккендерге көмек көрсетуге асықты. Олар өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырып, азаматтарды өртеніп жатқан ғимараттан эвакуациялай бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

— Адамдар көшеге шығып жатты, бірақ кейбіреулері ішінде қалып қойды. Мен оларға шығуға көмектестім, содан кейін ешкімнің қалмағанын тексердім. Абырой болғанда іште ешкім болған жоқ. Үш минуттан кейін өрт сөндірушілер келді, және біз ғимаратта төрт газ баллоны бар екенін ескерттік, — деді Диас Әбітбек, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қауіп-қатерге қарамастан, полицейлер ерлік көрсетті.

Олардың әрекеттері ауыр зардаптардың алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Астана Кафе Жарылыс

Тақырыпқа жаңалықтар