Қазақстан жаңалықтары7 қазан 2023, 16:02

Әуежайда екі адам 85 млн теңгенің монета коллекциясымен ұсталды

Астана қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері прокуратура және әуежайды тексеру қызметімен бірлесіп, декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып жүрді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Номиналы 100 және 50 мың теңге, сондай-ақ салмағы 2 және 1 кг монеталар тиісінше 999 сынамалы алтыннан жасалған.

Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңге.

«Құқық бұзушылар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Астана Әуежай монета Коллекция

Тақырыпқа жаңалықтар