Қазақстан жаңалықтары25 қараша 2023, 9:00

Ауыл шаруашылығы министрі: Ет қымбаттамайды деп ойлаймыз

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров еліміздегі ет бағасына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазір елімізде ет бағасы тұрақты деңгейде, яғни 2,5 мың теңгеден асқан жоқ. Бұл тұрғыда осы бағадан аспайды деп ойлаймыз. Өйткені бізде малды тірідей шетке шығаруға шектеу қойылды. Қосымша киіктің еті ет комбинаттары арқылы сатылып жатыр. Бұл жағдай да біршама әсерін береді», - деді А. Сапаров Сенатта.

 

ауыл шаруашылығы министрі ет бағасы

Тақырыпқа жаңалықтар