Қазақстан жаңалықтары25 қаңтар 2024, 14:39

«Ауылға барса, 9 миллион теңге алады». Депутат көтермеақы кімдерге берілетінін айтты

Елімізде ауылдық жерлерде медицина мамандарының тапшылығын шешу үшін қазынадан қомақты қаржы бөлініп, елді мекендерге барған жас дәрігерге қомақты сомада бір реттік  көтермеақы беріледі. Мұны Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Біз бұл мәселені «Аmanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының шеңберінде көтердік. Келешекте ауылға баратын жас дәрігерлерге ауылға баруды ынталандыру үшін бір реттік көтермеақы беріледі деген уәде берген едік. Біз заң жобасын қабылдап, уәдемізді орындадық. Бұдан  былай  ауылға барған жас дәрігер бір реттік көтермеақы алатын болады. Оған қосымша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы төмен пайызбен несие алады. Ауылдағы медицинаны дамытып, жас дәрігерлерді қолдау үшін осыны жүзеге асырып отырмыз», деді А.Аймағамбетов.

 

9 миллион Ауыл жас маман Асхат Аймағамбетов

Тақырыпқа жаңалықтар