Placeholder
Фото: newscentralasia
newscentralasia
Қазақстан жаңалықтары23 тамыз 2024, 16:36

Ауыр көліктерге автожолда жүк тасымалдауға қашан тыйым салынады

ҚР Көлік министрлігі карьерлік ауыр жүк көліктерінің жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдармен жүруіне тыйым салуға қатысты түсінік берді. «2022 жылы «Автомобиль көлігі туралы» Заңда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ауыр жүк көліктерінің рұқсат етілген жалпы салмағы белгіленген нормадан асып кетсе, жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдарда жүктерді тасымалдауға тыйым салу ескерілген. Қазіргі кезде министрлік жалпы пайдаланымдағы автожолдар бойынша ауыр салмақты (жүксіз салмағы 12 тоннадан асатын) осындай көліктермен жүктерді тасымалдауға тыйым салуды енгізу мерзімін 2025 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру бөлігінде тиісті жұмысты атқарып жатыр», - деді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Ведомство мәліметінше, заңнамалық түзетулер ҚР Үкіметі регламентінің 124-тармағының аясында ҚР Парламентінде қаралып жатқан заң жобалары арқылы жүзеге асырылады.

«Көрсетілген іс-шаралар арқылы ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуін бақылау мәселелерін шешу және көліктік бақылаудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жоспарланып отыр», - деп аталып өткен Көлік министрлігі ақпаратында.

Еске салсақ, биыл маусым айында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев карьерде жүруге арналған HOWO және SHACMAN көліктеріне еліміздің жолдарында жүк тасымалдауға тыйым салынатынын айтты.

Ауыр көліктер автожол тыйым жүк тасымалдау

Тақырыпқа жаңалықтар