Placeholder
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары12 қыркүйек 2024, 13:00

Азат Перуашев ауызбастырық берді деген күдікпен ұсталған орынбасарымен тілдесе алмай жүр

Мәжілісмен Азат Перуашев Ұлттық гвардия басшылығына ауызбастырық берді деген күдікпен ұсталған партиядағы орынбасары Дмитрий Васильевпен әлі күнге дейін тілдесе алмай жүр. Тіпті адвокаттары да төрағаның қоңырауына жауап беруге асықпайтын көрінеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жазады.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты, «Ақжол» партиясының төрағасы:

— Бұрынғы орынбасарым Дмитрий Васильевтің өзімен әлі тілдеспедім. Бастапқыда «ұсталды» деген ақпар шыққанда бірден ұялы телефонына хабарлатым. Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсталғанын растаған тұста, адвокаттарының нөмірін алып хабарласа бастадық. Олармен байланысу әлі мүмкін болмай тұр. Шамасы оған емес, Ұлттық Ұланның лауазымды адамына "пара алу" бойынша айып тағылып отыр.

Ал өткен аптада "Мәжілістегі қыз-келіншектерге қырындаудан қолы босамады" деген айып тағылыппартия сапынан қуылған экс-әріптесі Асқар Садықовпен түбегейлі ат-құйрығын кесісіпті. Тіпті "кезінде Ақтөбеден қолынан ұстап, бас қалаға тартқаныма өкінемін" деп отыр.

«Партия сеніміне селкеу түсірді» деген Перуашев "харассментке қатысты ендігі бар сұрақ Садықов пен оған шағым түсірген келіншектен сұраңыздар" деп қысқа қайырды.

Уақыты келсе, сотқа шағымданған әйел өзі көптің алдына шығып ойындағысын айтар деген, "Ақжол" төрағасы, партия құрамында мұндай теріс әркетке барғандармен әңгіме басқаша болатынын жеткізді.

Азат Перуашев Дмитрий Васильев ауызбастырық Күдікті

Тақырыпқа жаңалықтар