Қазақстан жаңалықтары6 қазан 2023, 15:41

Азия ойындарына киім тіккен компаниялар «қара тізімге» енуі мүмкін

ХІХ Азия ойындарына қатысушы қазақстандық спортшылардың киімін тіккен компаниялар жосықсыз жеткізушілер тізіміне кіргізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Ренад Ахметов:

Заңнамада келісімшарттағы міндеттемелерді сапасыз орындағаны үшін тапсырыс беруші жеткізушінің үстінен жосықсыз орындаушылар тізіміне енгізу туралы сотқа жүгіне алады. Тапсырыстың сапасыз орындалғаны дәлелденсе, сот жосықсыз жеткізушілер тізіміне кіргізу туралы шешім шығарады. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жеткізуші тізімге енеді де, порталдағы әрекеттері бұғатталады. Бұдан әрі ол жеткізуші сатып алу процестеріне қатыса алмайды.

Азиада-2023 киім қара тізім компания

Тақырыпқа жаңалықтар