Қазақстан жаңалықтары27 ақпан 2024, 13:12

Байқоңырда Ресей президентін сайлауға арналған жеті сайлау учаскесі құрылды

Ресей азаматтары наурыз айында президентті сайлайды. Дауыс беру шетелде ашылған сайлау учаскелерінде де өтеді. Байқоңыр қаласының аумақтық сайлау комиссиясы қаладағы сайлау учаскелері 15-17 наурыз аралығында жергілікті уақыт бойынша сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтінін жария етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Айта кетейік, Байқоңыр қаласында тіркелмеген Ресей азаматтары дауыс бере алады. Ол үшін олар 11 наурызға дейін орналасқан жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтініш беруі керек. Мұны мемлекеттік қызметтердің веб-сайты арқылы жасауға болады.

6 наурыздан 11 наурызға дейін учаскелік сайлау комиссиясына тиісті өтініш беруге болады.

Сайлаушы Байқоңыр қаласында құрылған жеті сайлау учаскесінің бірінде дауыс бере алады.

Сонымен қатар, ресейлік сайлаушылар жергілікті ауруханада емделіп жатқан жағдайда Байқоңырда сайлау учаскесінің сыртында дауыс бере алады.

Осы мақсатта қалада учаскелік сайлау комиссиясының көшпелі тобы жұмыс істейтін болады.

14 наурыздағы жағдай бойынша мұндай сайлаушылардың тізімін аурухананың бас дәрігері бекітеді.

Байқоңыр Ресей президентін сайлау жеті сайлау учаскесі

Тақырыпқа жаңалықтар