Қазақстан жаңалықтары27 қазан 2023, 9:20

Балалы келіншек телефонын жұлып алған ұрыны ұрып жықты

Шымкент полициясы балалы әйелдің телефонын ұрламақ болған ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Телефон ұрламақ болған ер адам мен балалы әйелдің төбелескен сәті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Кейін ол видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Оқиға 16-мөлтекаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында болған.

Келіншек баласына қарап тұрған сәтте күдікті келіп, шалбарының артқы қалтасындағы телефонын ала қашқан.

Артынан қуып жеткен келіншек ұрыны тартып құлатып, телефонын қайтып алады. Сол сәтте көшеде тұрған көршілер де көмекке келген.

Жәбірленуші полицияға арыз тастамаған.

Дегенмен шымкенттік тәртіп сақшылары аталған оқиғадағы күдіктіні іздестіріп жатыр. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от критика Шымкента (@kritika_shymkent)

Шымкент ұрлық келіншек ұялы телефон

Тақырыпқа жаңалықтар