Қазақстан жаңалықтары18 шілде 2024, 4:17

Бельгияда отандасымыз Жәнібектің асырап алған анасы қайтыс болды

Жәнібекті бауырына басқан бельгиялық анасы 54 жасында өмірден озды. Бұл туралы Жәнібек Жұмағұловтың Қазақстандағы ресми өкілі Қымбат Досжан мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Достар, Жәнібекті асырап алған Валери анасы бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас. Жәнібек берік бол…», - делінген Қымбат Досжанның Instagram парақшасында.

Желідегі жазбаның астына Жәнібек «Мені қолдаған туған елімдегі әрбір отбасына алғыс айтамын. Мен сіздерді жақсы көремін. Жақында сіздермен тағы қауышуға асықпын», - деген пікір қалдырған.

Айта кетсек, отандасымыз бұған дейін асырап алған анасының денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатқанын айтқан еді.

Еске сала кетейік, биыл қаңтарда Бельгия азаматы асырап алған 22 жастағы Жәнібек Жұмағұлов (Джани) Қазақстанда туған анасын іздеп келгені туралы жазған едік. Отандасымыздың анасын іздестіру жұмыстарының барысымен Жәнібек Жұмағұловтың Қазақстандағы ресми өкілі Қымбат Досжан айтып берді.

Сондай-ақ, Қазақстанға қайта келген бельгиялық Жәнібек Жұмағұлов Астанадағы балалар үйіне барды.

Одан бөлек, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, отандасымыздың ата-анасы іздестіріліп жатқанын жеткізді.

Бельгия Жәнібек асыраған ана қайтыс болды

Тақырыпқа жаңалықтар