Placeholder Биыл елімізде 3,8 млн бала профилактикалық тексеруден өтті
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары13 қазан 2024, 9:00

Биыл елімізде 3,8 млн бала профилактикалық тексеруден өтті

Қазақстанда қаңтар мен қыркүйек аралығындағы кезеңде 18 жасқа дейінгі 3,8 млн.бала профилактикалық тексеруден өтті. Туған сәттен бастап 6 жасқа дейін скринингтің 4 түрі жүргізіледі, бұл жаңа туған нәрестеде фенилкетонурия мен туа біткен гипотериозды анықтауға бағытталған неонаталдық, есту қабілетінің бұзылуын анықтауға арналған аудиологиялық, шала туған нәрестелердің ретинопатиясын анықтауға арналған офтальмологиялық және психофизикалық скрининг, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Министрлік жүргізілетін скринингтердің сапасын, скринингтерді жүргізу үшін қажетті жабдықтармен жарақтандыруды арттыру үшін күш салуда және тексерулердің уақтылы жүргізілуін бақылау жүзеге асырылуда», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова ОКҚ брифингінде.

Қазақстан Балалар профилактикалық тексеру ДСМ

Тақырыпқа жаңалықтар