Қазақстан жаңалықтары7 ақпан 2024, 0:54

Боран, жел: Батыс Қазақстан облысындағы сегіз жолда көлік қозғалысы шектелді

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 6 ақпан күнгі жергілікті сағат 22.15-тегі ақпарат бойынша ауа райының нашарлауына байланысты 4 республикалық, 4 облыстық маңызы бар жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Республикалық Атырау-Орал (492-189 км, Оралдан Атырау облысы шекарасына дейін), Самара-Шымкент (266-526 км, Теректі ауданы Подстепный ауылынан Ақтөбе облысы шекарасына дейін), Орал-Тасқала-РФ шекарасы (4-104 км, Оралдан Ресей шекарасына дейін), Подстепный-Теректі (0-36 км) жолдары жабылған. Сондай-ақ облыстық Жымпиты-Қаратөбе (0-103 км), Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км), Тасқала-Аққурай-Болашақ (0-157 км), Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (38-159 км) жолдарында шектеу енгізілді. Жабылу себебі – боран, қатты жел, жолдың көрінуі нашар», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО ТЖ департаменті 7 ақпан күні де ауа райы қолайсыз болатынын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жететінін жеткізді. Қатты бұрқасын көтерілуі ықтимал екендігі жөнінде де ескерту жариялады.

көлік қозғалысы БҚО боран жел

Тақырыпқа жаңалықтар