Placeholder
Фото: видеодан скрин
beyne ékran
Қазақстан жаңалықтары14 тамыз 2024, 16:31

Бостандығы шектелген Дәулет Тұрлыхановтың ұлы түнгі 3-те көшеде не істеп жүр

Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың бостандығы шектелген ұлы Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта емін-еркін жүрген видеосы тарады. «Таңертең Direct-ке осындай видео келді. Онда Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың тұрғанын көрдім. Оның бостандығы шектелген және оған қосымша талаптарды орындау жүктелген. Бірақ, видеодан оның заңға қайшы әрекет етіп, талаптарды сақтамағанын байқауға болады», - деп жазды заңгер Анна Чернова Instagram-дағы парақшасында, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиғаның мән-жайын білу мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жүгінген едік, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Н. Болатқа қатысты үкімді орындау пробация қызметіне (тіркелген мекенжайы бойынша) биыл 14 тамызда келіп түсті. Заңнамаға сәйкес пробациялық бақылау сотталған адамды есепке алған сәттен бастап жүзеге асырылады», - деген жауап алдық комитеттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, 2023 жылы ақпанда Нұрасыл Болат Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жыққан еді. Кейін спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов баласының бұзақылық әрекетіне байланысты пікір білдірді. Одан бөлек, Дәулет Тұрлыханов ұлының ісіне араласпайтынын айтты.

Ал, өткен жылы 2 шілде күні ол мерзімді әскери борышын өтеп жатқан жері – Қонаев гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінен қашып кеткен болатын. Кейін табылып, қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Алматы гарнизоны бөлім бастығының бұйрығына бағынбағаны және орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2023 жылы 9 қазанда Дәулет Тұрлыхановтың ұлына сот үкімі шықты. Прокурор сотталушы Б-ға 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Биыл мамырда Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына кесілген үкімді өзгертті. Содан соң Дәулет Тұрлыханов ұлының сот үкіміне қатысты пікір білдірді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Юрист | Анна Чернова🇰🇿 (@pro.pravo.kz)

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат түнгі уақыт бостандық

Тақырыпқа жаңалықтар