Қазақстан жаңалықтары11 қазан 2023, 15:05

Букмекерлердің сыртқы жарнамасына тыйым салынуы мүмкін

Елімізде букмекер кеңселерінің сыртқы жарнамасына тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді. 

«Телефонды ашсаңыз немесе көшеге шықсаңыз, барлық жерде 1xBet, Olimpbet секілді букмекер жарнамасын көресіз. Халықаралық тәжірибеде 50 метрге дейін болуы керек. Бұдан әрі сыртқы жарнамалар болмауы тиіс. Осыған байланысты қазір депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, сыртқы жарнамаға тыйым салуды көздеп отырмыз». 

«Букмекер ұйымдарды олардың кеңселерінде, спорттық телеарналарда, спорт ғимараттарында және спортшылардың жабдықтарында жарнамалау мәселесі шешіледі. Осылайша жарнаманың төрт түрі қалады. Бұл халықаралық тәжірибе, - деп түсіндірді Т. Дүйсенова. 

букмекер жарнама тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар