Placeholder
Фото: gov.kz
gov.kz
Қазақстан жаңалықтары26 шілде 2024, 14:18

БЖЗҚ: 260 мыңдай қайтыс болған салымшының 27,8 млрд теңгесі сақтаулы тұр

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қайтыс болған салымшылардың мұрагерлік рәсімделмеген шоттары туралы мәлімет берді. «Әлеуметтік кодекстің ережелерінде БЖЗҚ-дан, оның ішінде алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарын төлеуді (жерлеуге және (немесе) мұрагерлерге) жүзеге асыру үшін негіздердің толық тізбесі айқындалған. Сәйкесінше, зейнетақы жинақтарының сомаларын алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) осы соманы талап еткенге дейін ол БЖЗҚ есебінде болады», - деп жазады қор мамандары, - деп хабарлайды Arbat.media.

БЖЗҚ есебінде тұрған, мұрагерлік ресімделмеген жеке зейнетақы шоттарының саны мен ондағы сома туралы мәлімет (01.01.2024 ж. жағдай бойынша) ұсынылған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ер салымшылар – 186,8 мың, жеке зейнетақы шоттардағы жалпы сома – 21 млрд 567 млн теңге.Әйел салымшылар – 72,8 мың, ЖЗШ-дағы жалпы сома – 6 млрд 209 млн теңге.Барлығы: 259,6 мың ЖЗШ-да 27 млрд 776 млн теңге жатыр.

«Жоғарыдағы кестеден көріп отырғаныңыздай, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған салымшылардың ақшалары «артылып» қалмайды және ешқайда жұмсалмайды. Жинақтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың меншігі болып табылады және мұраға қалдырылады», - дейді қор өкілі.

БЖЗҚ қайтыс болған салымшы зейнетақы қоры мұрагерлік

Тақырыпқа жаңалықтар