Қазақстан жаңалықтары28 наурыз 2024, 8:00

Дәрігерге қаралу үшін терапевтің жолдамасы керек болмайды

Денсаулық сақтау министрлігі арнайы мамандарға жолдама алу тәртібін, диагностикалық емшараларға жазылуды, жалпы практика дәрігерлеріне бірнеше рет жүгіну қажеттілігін қайта қарайтын болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Жалпы медициналық ұйымдарға пациенттер тарапынан түсетін шағымның ең көп үлесі дәл осы мәселеге қатысты екен.

«Қазіргі уақытта созылмалы аурулары бар пациенттер үшін арнайы мамандарға қолжетімділік процесін едәуір жеңілдететін жаңа регламенттер дайындап жатырмыз», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова.

Министрдің айтуынша, процестерді оңтайландыру нәтижесінде қолданыстағы анықтамалардың 27 түрін қысқарту көзделген. Рәсімдердің негізсіз түрлерін алып тастау мақсатында диагностика және емдеу хаттамалары қайта қаралмақшы.

Дәрігерлердің жүктемесін азайту үшін толтыруға арналған есептік нысандар жеңілдетіледі, олардың бір бөлігі орта медициналық персонал деңгейіне ауыстырылады.

Пациенттерге ыңғайлы болу үшін жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулардың тізбесі жалпы 42 зерттеуге қысқартылатын болады және олардың қолданылу мерзімін 3 айға дейін ұлғайту енгізілмекші.

Келесі жағдайларда арнайы мамандарға:

— шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;

— шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;

— дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;

-тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психолог қабылдауы;

— онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруларға күдік болған жағдайда;

— динамикалық бақылау ауруының бейіні бойынша;

— жастар денсаулық орталықтарына жүгіну регламенті жеңілдетілген.

 

дәрігер маман жолдама алу Өзгеріс денсаулық сақтау

Тақырыпқа жаңалықтар