Placeholder Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бас бостандығынан айырылды
Фото: видеодан алынған кадр
Videoskrin

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласы Медеу ауданының No2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жазаны – бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы ұсынысын қарады. Бұл туралы Жоғарғы соттан мәлімдеді. Бұған дейін Жоғарғы Сот Н.Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Болат пробация қызметінің есебіне алынып, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарымен және оны бұзғаны үшін жауапкершілікпен танысқан.

«Сотталғанның орналасқан жерін бақылауды қамтамасыз ету үшін электронды бақылау құралы қолданылды. Осыған қарамастан, Болат пробациялық бақылаудың 3 рет заң бұзушылықтарына жол берген, ол сотпен зерттелген дәлелдемелермен расталған. Осылайша, сотталушы жазасын өтеу тәртібімен шарттарын қасақана бұзған», - делінген сот хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес, бас бостандығын шектеуді өтеуден қасақана жалтарған жағдайда оның өтелмеген мерзімі бас бостандығын шектеудің бір күніне бас бостандығынан айырудың бір тәулік мөлшерінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

Сот пробация қызметінің өтінішхатын негіз деп танып, оны қанағаттандырды.

Н.Болатқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген мерзімге 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың бостандығы шектелген ұлы Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта емін-еркін жүрген видеосы тарағаны туралы жазған едік.

Еске сала кетейік, 2023 жылы ақпанда Нұрасыл Болат Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жыққан еді.

Кейін спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов баласының бұзақылық әрекетіне байланысты пікір білдірді.

Одан бөлек, Дәулет Тұрлыханов ұлының ісіне араласпайтынын айтты.

Ал, өткен жылы 2 шілде күні ол мерзімді әскери борышын өтеп жатқан жері – Қонаев гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінен қашып кеткен болатын.

Кейін көп өтпей табылып, қызмет атқаратын орнына жеткізілді.

Алматы гарнизоны бөлім бастығының бұйрығына бағынбағаны және орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2023 жылы 9 қазанда Дәулет Тұрлыхановтың ұлына сот үкімі шықты.

Прокурор сотталушы Б-ға 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Биыл мамырда Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына кесілген үкімді өзгертті. Содан соң Дәулет Тұрлыханов ұлының сот үкіміне қатысты пікір білдірді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат пробациялық бақылауды елемегені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Нұрасыл Болат бас бостандығын шектеу

Тақырыпқа жаңалықтар