Қазақстан жаңалықтары11 ақпан 2024, 9:00

Димаш Қытай телеарналарында Айдаһар жылына орай өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл қарсаңында көрші елдің телеарналарында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

CCTV-3 арнасы көрсеткен 2024 жылғы көктем фестивалінің гала-концертінде Димаш қазақ және қытай тілдерінде «Ұмытылмас күн» және «Give me your love»атты композицияларын орындады.

2024 Liaoning TV Spring Festival гала-концертінде Димаш Құдайберген әйгілі пианист Ланг Лангтың сүйемелдеуімен «Thousands of Miles, a Common Dream» («Мыңдаған шақырымға бір арман») әнін шырқады.

Димаш Айдаһар жылы Қытай телеарналар

Тақырыпқа жаңалықтар