Қазақстан жаңалықтары28 қараша 2023, 14:34

Докторантураға түсу емтихандары басталды

Елімізде докторантураға түсуге емтихан тапсыру басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Емтиханды тапсыруға өтініш қабылдау 25 қазан – 10 қараша аралығында Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

Докторантураға түсу емтихандарына 1060 адам қатысады.

Сынақтар бүгін басталып, 2 желтоқсанға дейін жалғасады.

«Түсу емтиханына эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балл. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды», – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

докторантура емтихан Ұлттық тестілеу орталығы Руслан Емелбаев

Тақырыпқа жаңалықтар