Қазақстан жаңалықтары8 наурыз 2024, 16:00

Елдегі ескі көліктерге де салық салына ма?

Сенаттың жалпы отырысынан кейін Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде көлік салығының мөлшерін қайта қарау, 20-30 жылдан бері қолданыста болған көліктерге қатысты салықты өзгерту мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Қаржы вице-министрі ескі көліктерге қатысты мәселе көтеріліп жатқанын, халыққа түсетін жүктемені азайтуға бағытталған басқа да ұсыныстар талқыланып жатқанын айтты.

«Көлікке қатысты жұмыс тобы тиісті талқылау өткізді. Біз бұл мәселені «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Үкімет деңгейінде қарастырып жатырмыз. Ресми мәлімдеме жасауға әлі ерте, өйткені нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Біз 20-30 жыл пайдаланып келе жатқан ескі көлікке қатысты мәселе көтеріп жатырмыз. Мәселен, түзету коэффициентін қолдануды ұсындық, яғни оларға жаңа автомобильге арналған ставка бойынша салық салынбайды. Сонымен қатар халыққа жүктемені азайтуға бағытталған басқа да ұсыныстарымыз бар. Тым қымбат көліктерге сән-салтанат салығы салынбақ. Осы арқылы салық жүктемесін қайта бөлу мүмкіндігі пысықталып жатыр», деп түсіндірді Е. Біржанов.

ескі көліктер салық

Тақырыпқа жаңалықтар