Қазақстан жаңалықтары21 қазан 2023, 9:00

Елімізде балалардың 50%-дан астамында — анемия

Елімізде балалардың 50%-дан астамы анемияға шалдыққан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгінгі таңда 100 000-нан аса бала есепте тұр.

Репродуктивті жастағы әйелдірдің 45 %-да анемия бар.

Жүктілік алдында анемияны емдеу керек, өйткені қаназдық анадан балаға беріледі.

Қаназдықтың белгілері: бас айналу, ентігу, дәмнің өзгеруі, тырнақтың сынуы, пластинасының жұқаруы, шаштың түсуі, терінің бозаруы.

Анемияны анықтау үшін қан сараптамасын тапсыру керек. Қалыпты жағдайда гемоглабин мөлшері: 0-5 жастағы балаларда – 110, 5-11 жастағы балаларда 115, 12-15 балаларда 120, әйелдерде – 120, жүкті әйелдерде 110, ал ер адамдарда 130 болуы керек.

Жалпы қан анализінде гемоглобин мен эритроциттердің мөлшері, ал биохимиялық қан анализінде — темірдің деңгейі анықталады. Егер гемоглабин көрсеткіші мен темір деңгейі төмен болса дәрігерлер ем тағайындайды.

Темір тапшылықты анемия кезінде темір препараттарын курстық қабылдау ұсынылады.

Анемияның ауырлық дәрежесіне орай ем 3 айдан 6 айға созылады.

Елімізде қаназдық бойынша есепте тұрған науқастарға дәрілік препараттар тегін беріледі.

Жолдаманы жергілікті емханадағы учаскелік дәрігер береді.

 

Балалар анемия Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар