Қазақстан жаңалықтары21 маусым 2024, 15:00

Еліміздің бес облысында құрғақшылық күтіледі

«Қазгидромет» РМК мамандары бүгін бірқатар облыста қауіпті агрометеорологиялық құбылыстар болатынын ескертті. Еліміздің бес облысында – Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ұлытауда құрғақшылық күтіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Жамбыл облысында Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл, Рысқұлов аудандарында, Түркістан облысында Сайрам, Шардара, Жетісайда, Қызылорда облысында Арал ауданында, Алматы облысында Балқаш, Жамбыл облыстарында және Ұлытау облысында алдағы 10 күнде құрғақшылық күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

өңірлер құрғақшылық синоптиктер

Тақырыпқа жаңалықтар