Placeholder
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ministrlik
Қазақстан жаңалықтары27 тамыз 2024, 10:00

Ербол Тәжібаев АҚШ-тағы халықаралық таланттар олимпиадасында бас жүлде алды

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртісі Ербол Тәжібаев АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен «WorldStars» халықаралық таланттар олимпиадасына қатысып, бақ сынаған 3 номинациясында бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, беделді байқау әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жетекші вокалистерге, талантты орындаушыларға өздерінің музыкалық жетістіктерін көрсетіп, өнерін әлемге паш етуге мүмкіндік сыйлайды.

Ербол Тәжібаев Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде «Классикалық вокал» мамандығы бойынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алған.

Ербол Тәжібаев АҚШ талант Жүлде

Тақырыпқа жаңалықтар