Қазақстан жаңалықтары7 наурыз 2024, 15:14

Ескі көліктерге салынатын салық өзгеруі мүмкін

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде көлік салығының мөлшерін қайта қарау мүмкіндігіне түсінік берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Қазір көлікке қатысты жұмыс тобы тиісті талқылау өткізді. Біз бұл мәселені «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Үкімет деңгейінде қарастырып жатырмыз. Ресми мәлімдеме жасауға әлі ерте, өйткені шешім әлі түпкілікті қабылданған жоқ. Біз 20-30 жыл пайдаланылып келе жатқан ескі көлікке қатысты мәселе көтеріп жатырмыз. Яғни, түзету коэффициентін қолдануды ұсындық, яғни оларға жаңа автомобильге арналған ставка бойынша салық салынбайды. Сонымен қатар, халыққа жүктемені азайтуға бағытталған басқа да ұсыныстар бар. Ал егер тым қымбат көлік болса, бұл ретте сән-салтанат салығы ескерілмек. Осы арқылы салық жүктемесін қайта бөлу мүмкіндігі пысықталып жатыр», - деді Е. Біржанов.

Бұл тұрғыда вице-министр бұл ұсыныстар бойынша нақты шешім жасалмағанын атап өтті.

«Бүкіл ұсыныстар пысықталғаннан кейін түпкілікті шешім қабылдаймыз. Жақында жаңа Салық кодексінің жобасы таныстырылады», - деді ол.

Ержан Біржанов ескі көліктер салық

Тақырыпқа жаңалықтар