Қазақстан жаңалықтары11 маусым 2024, 11:00

Эверестті бағындырған екінші қазақ әйелі Жәмила жоспарларымен бөлісті.

Эверест шыңын (8 848 м) бағындырған екінші қазақ әйелі Жәмила Баширова алдағы жоспарларымен бөлісті. Ол атақты шыңға шығу оңайға соқпағанын айтады. Сондай-ақ оның ең бірінші әрекеті ауа райына байланысты сәтсіз аяқталған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Десе де, мақсатына жету үшін ештеңеден қаймықпаған қайсар ару Непалда 1 аптадан астам уақыт күтіп, екінші мүмкіндігінде Эверест шыңын бағындыра алды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Алғашқы сапарымызда орта жолдан қайтқанымыз үшін қатты жыладым. Әр сапарға қомақты қаражат қажет екені белгілі. Эверест шыңын бағындыруға деген ниетімді байқаған әріптесім демеушілік көрсетуге дайын екенін жеткізді. Екі сапарға шамамен 100 мың доллар қаржы жұмсалды. Ендігі мақсатым – Мадаблан шыңын бағындыру», - дейді ол.

Эверест Жәмила Баширова жоспар

Тақырыпқа жаңалықтар