Қазақстан жаңалықтары5 сәуір 2024, 14:55

ФЕЙК: Бишімбаевтің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының Instagram парақшасы

Бишімбаевтің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының Instagram әлеуметтік желісіндегі жалған парақшасындағы жазылушылардың саны 15 мыңнан асты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді.

Instagram әлеуметтік желісінде «aijan.aimaganova» атты парақша анықталған. Прокуратураның мәліметінше, жалған парақшаға 15 000 мыңнан астам қолданушы жазылып үлгерген.

Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.

Прокуратура парақшада «Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!» — делінген жазбаның шындыққа жанаспайтынын хабарлаған.

«Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз» — делінген хабарламада.

Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.

мемлекеттік айыптаушы Бишімбаев ісі фейк Инстаграм

Тақырыпқа жаңалықтар