Қазақстан жаңалықтары20 наурыз 2024, 8:23

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

Айдын Айымбетов «Бәйтерек» БК» АҚ-ны басқарды. Айдын Айымбетовтың жаңа қызметке кіріскені 18 наурызда, дәлірек айтқанда Республикалық ғарыштық байланыс орталығының 20 жылдығына арналған іс-шара барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

2021 жылдың қыркүйегінде Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Айдын Айымбетов – қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры.

Айдын Айымбетов Тағайындау Бәйтерек

Тақырыпқа жаңалықтар