Placeholder
Фото: видеодан алынған скрин /Khabar
Khabar
Қазақстан жаңалықтары13 тамыз 2024, 14:12

Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған айыппен келіспейді

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның бұрынғы жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. «Мен тағылған айыппен келіспеймін. Жүнісовтің заңсыз берген арызын біздің құқық қорғау органдары әділетті түрде зерттеп, реттейді деп сеніп, тергеу аясында куәлік берген жоқпын», - деп бастады сөзін айыпталушы. Айтуынша, жәбірленуші кәсіпкер Абай Жүнісовке осыдан 20 жыл бұрын сіңлісі тұрмысқа шыққан, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Абай Жүнісов ұзақ жыл менің қарт ата-анамның үйінде бірге тұрды. Туыстарым Жүнісов пен белгілі кәсіпкер Д.Ыдырысов арасындағы жанжалды шешуге көмектесті. Себебі Ыдырысов Абайды ақша жымқырды деп айыптады. Мен күйеу баламды аядым. Жиендерім мен сіңілімді ойлап, оның барлық қарызын жауып, қайта кәсіп бастауына көмектестім. «Дәуір» компаниясына жұмысқа тұрғыздым», - деді ол, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Г.Сатыбалды Абай Жүнісов екеуі бірлескен кәсіпті қалай бастағанын айтып берді.

«2011 жылы Жүнісов «Baur Kazakhstan» ЖШС құруды ұсынды, құжаттарға сәйкес, оның жалғыз иесі болды. Негізі акциялар былай таратылды: маған 34%, Айбатыр Жұмағұловқа 33%, Жүнісовке тиесілісі 33 пайыз. Жүнісов бәрін өзі басқарып отырды. Мен тек жан-жақты қолдау көрсетіп, көмектесуге тырыстым», - деді ол.

Алайда 2018 жылдың соңына қарай компания бонкротқа ұшырады.

«Компанияның бонкротқа ұшырағанын естіп және мені жақын адамым, сондай-ақ құдаларым Қасым мен Алтай Жүнісовтер алдап, тонап кеткенін білгенде, қатты ауырып қалдым. Инсульт алып жансақтау бөліміне түстім. Ал 2021 жылы оның YouTube каналы арқылы компанияларын тартып алды деп айыптауы үлкен соққы болды», - деді Гүлмира Сатыбалды.

Бұған дейін кәсіпкер Абай Жүнісов Гүлмира Сатыбалды бірлескен серіктестікте ұрлық жасады деген күдікпен кінәсін мойындауды талап етіп, 2019 жылдың ақпанынан бері үйінде заңсыз қамауда ұстағанын айтқан еді.

Айта кетейік, алдын ала тыңдау кезінде, айыпталушы Г.Сатыбалды алқабилер сотына қатыспайтынын жеткізген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Гүлмира Сатыбалды біреудің мүлкін иемдену және жымқыру қылмыстық ісі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Гүлмира Сатыбалды айыптар келіспеу

Тақырыпқа жаңалықтар