Placeholder Гүлмира Сатыбалдының ісі: судья жәбірленушіні сот залынан шығарып жіберді
Фото: видеодан алынған скрин / Khabar
Гүлмира Сатыбалды
Қазақстан жаңалықтары22 шілде 2024, 15:48

Гүлмира Сатыбалдының ісі: судья жәбірленушіні сот залынан шығарып жіберді

Гүлмира Сатыбалды ісінде жәбірленушіні сот залынан шығарып жіберді. «18 шілде күні Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі барысында жәбірленуші куәгер Родионов пен сотталушы Батыршаевпен сөзге келіп, тәртіп бұзғаны үшін сот залынан шығарылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 346-бабына сәйкес, сот отырысында тәртіп бұзылып, төрағалық етушінің өкіміне бағынбаған жағдайда, судья ол адамды сот залынан шығарып жіберуге құқылы», - деді судья Мәртпек Кәкімжанов, - деп хабарлайды Arbat.media.

Судья Абай Жүнісовтің бұрын мұндай заңбұзушылыққа жол бермегенін ескеріп, оны сот процесі аяқталғанша емес, 22 және 25 шілдеде өтетін екі отырысқа ғана шеттету туралы шешім қабылдады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жәбірленушінің адвокаты Рашид Теңізбаев қорғауындағы тараптың атынан кешірім сұрады.

«Абай Қадырұлы сот процесіне қатысушылардан соттан өзінің іс–әрекеті үшін кешірім сұрағысы келді. Оның жүйкесі сыр берді. Әрине, мұндай мінез-құлыққа жол беруге болмайды, біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз; Бұл мәселе қолданыстағы заңнама аясында шешілуі тиіс. Ол болған жағдайға өкінеді және бұл енді қайталанбайды», - деп түсіндірді адвокат.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның бұрынғы жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Бұған дейін кәсіпкер Абай Жүнісов Гүлмира Сатыбалды бірлескен серіктестікте ұрлық жасады деген күдікпен кінәсін мойындауды талап етіп, 2019 жылдың ақпанынан бері үйінде заңсыз қамауда ұстағанын айтқан еді.

Айта кетейік, алдын ала тыңдау кезінде, айыпталушы Г. Сатыбалды алқабилер сотына қатыспайтынын жеткізген болатын.

Гүлмира Сатыбалды куәгер Родионов Батыршаев Жанжал

Тақырыпқа жаңалықтар